Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«25 жылдан кейін ас үйге кірдім»: Айгүл Иманбаева тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі жайлы

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:27

Өнер иесі күйеуіне таңғы ас әзірлей бастағанын жасырмады.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Қазақстандық танымал әнші әрі продюсер Айгүл Иманбаева тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі мен қазіргі тұрмысы жайлы айтып берді. Әнші қазір Америкада тұрып жатқанын мәлімдеп, күнделікті әдеттері өзгергенін жеткізді.

«Қазір Америкада тұрып жатырмын. Өмірімнің өзгергені рас. Таңғы 5-те тұрамын. 25 жылдан кейін ас үйге кіріп, тамақ жасай бастадым. Алматыда жүргенде ондайға уақытым болмайтын. Тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуіме таңғы ас дайындап жүрмін. Түрлі дәмдеуіштердің атын жаттап алдым. Ең қызығы – уақытылы тамақтанғаннан кейін салмақ тастадым. Кешкі 8-ден кейін ас үйге ешкім кірмейді. Бұл — менің талабым», – деді әнші.

Лондондағы студенттік кезең

Эстрада жұлдызы өз сөзінде кезінде Лондонда оқыған сәттерін де еске алды.

«Лондон мені сындырып, тәкаппар мінезімді орнына қойды. Ай сайын шәкіртақым 900 мың теңге болды. Оны жеткізуге тырысатынмын. Ол жақта елдегідей той-томалақ жоқ, тек оқу керек. Өмірімде алғаш рет көше тамақтарын сол жерде жедім. Алматыда мүлде жемейтінмін. Автобус, метромен жүрдім. Бір жыл қиналдым. Қазақстандағы жеке мектебімнің директорларынан ақша сұраған кезім де болды», – деп ағынан жарылды Айгүл Иманбаева.

Айгүл Иманбаеваның өміріндегі өзгерістер

Әнші тұрмысқа шыққаннан кейін:

  • Ас үйге жиі кіріп, жаңа тағамдар әзірлей бастағанын,
  • Күйеуіне арнайы таңғы ас дайындайтынын,
  • Уақытылы тамақтану арқылы салмақ тастағанын,
  • Ал Лондондағы оқу жылдары оны шыңдап, қарапайым өмірге бейімдегенін айтты.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары