Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Өзіңді неге қинайсың?" – Назым Қызайбай жаңа видеосымен желіні шулатты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
26.08.2025, 22:27

Қазақстандық боксшы, үш мәрте әлем чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Ол артық салмақтан арылу тақырыбына арналған шағын әзіл-ролик түсіріп, Instagram парақшасына жариялады. Видео бірнеше сағат ішінде жүз мыңнан астам қаралым жинады.

sputnik.kz
Реклама
Реклама

Роликтің мазмұны

Бейнебаянда Қызайбай "диетаға отырудың" қиындықтарын күлкілі түрде көрсетті. Алғашқы кадрларда ол брокколи, қырыққабат пен алма жеп отырғанын көреміз. Кейін жатуға жатып, өзіне сұрақ қояды:

"Өзіңді неге қинайсың? Өмір бір-ақ рет беріледі! Ләззат алу керек".

Соңғы сәтте боксшы фастфуд жеп, өзін-өзі жұбатады:

"Бүгін саналмайды, ертең бастаймын! Жоқ, ең дұрысы – дүйсенбіден".

Әлеуметтік желідегі реакция

Видеоны көрген көпшілік, оның ішінде танымал спортшылар, өздерін Қызайбайдың бейнесінен танығанын жасырмады.

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова: "Мынаны өзіме қалай жіберсем болады?" – деп пікір қалдырды.

Тағы бір қолданушы: "Бұл тура әпкем ғой. Диета бастаймын деп жүріп, кешке асүйден көкөніс қуырдағын нанмен жеп, коламен ішіп алып, “Диетаға түкірдім, ашпын ғой” дейді".

Басқалары: "Менің артымнан біреу аңдып жүргендей, бұл – мен ғой", "Назым, саған стендапқа шығу керек", – деп әзіл қосты.

Алдағы жарыс

Айта кетейік, қазір Назым Қызайбай Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге Англияда жүр. Олар әлем чемпионатына дайындық үстінде. Жарыс 4–14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары