Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бразилиялық кәсіпкер Неймарға 1 миллиард доллар қалдырды

Сарапшы, спорт журналисі
05.09.2025, 08:17

Порту-Алегриден шыққан бразилиялық кәсіпкер Неймарды жалғыз мұрагері етіп тағайындады. Спорт әлемін таңғалдырған бұл шешімде оның барлық активтері жұлдыз шабуылшыға өтуі тиіс екені көрсетілген.

goal.com
Реклама
Реклама

Мұрагерлік құжат ресми түрде рәсімделген

Бразилиялық Terra басылымының хабарлауынша, құжат 2023 жылдың маусымында Порту-Алегридегі 9-нотариустік кеңседе куәгерлердің қатысуымен бекітілген.

31 жастағы кәсіпкердің иелігіндегі жылжымайтын мүлік, инвестициялар және компания акциялары оның қайтыс болған жағдайында Неймарға өтпек. Активтердің жалпы құны шамамен 6,1 миллиард реалға (1 миллиард долларды) тең.

Миллиардердің Неймарға көзқарасы

Кәсіпкердің айтуынша, ол Неймарға үлкен құрметпен қарайды:

«Маған Неймар ұнайды, өзімді көп жағдайда онымен салыстырамын. Мен де көп жала жабуға тап болдым. Оның әкесімен қарым-қатынасы менің әкемді еске түсірді. Ол эгоист емес, ал бұл қасиет қазір сирек кездеседі», — деді ол.

Сонымен қатар бизнесменнің денсаулығына байланысты қиындықтары бар екені айтылды. Сол себепті ол осындай шешім қабылдаған.

Неймардың командасы әзірге ресми ақпарат алмады

Футболшының өкілдері әзірге ресми хабарлама түспегенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Неймар қысқы маусымда Бразилияға оралып, «Сантоспен» алты айлық келісімшартқа қол қойған еді. Кейін бұл келісім жыл соңына дейін ұзартылды.

33 жастағы шабуылшы биылғы маусымда 20 матч өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Әлемдік футболдың жұлдызы саналатын Неймардың жеке капиталы шамамен 350 миллион доллар деп бағаланады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары