Әлеуметтік желіде «Нұргелді Дракон» деген атпен танымал қазақстандық блогер қара жамылды. Ол өзінің парақшасында анасының дүниеден озғанын жариялады.
Жазбасында ол:
«Бүгін біз Анамыздан ғана емес, өзіміздің бір бөлігімізден айырылдық. Сіз ең асыл жан едіңіз. Мәңгі жүрегіміздесіз», – деп жазды.
Қайғылы хабарды естіген оқырмандар жылы лебіздерін білдіріп, пікір қалдырды:
Қолдаушы пікірлердің саны көп болып, желіде үлкен үн қатты.
Нұргелді Дракон – Қазақстанда ғана емес, шетелдік аудиторияға да танымал контент жасаушы. Оның әзілге толы бейнероликтері мен әлеуметтік желідегі жазбалары миллиондаған қаралым жинап, түрлі елдерде көрермендердің ықыласына ие болған.