Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Қайратқа" арнап торт пісірген ақтөбелік кондитердің басы дауға айналды

Сарапшы, спорт журналисі
11.09.2025, 17:23

Ақтөбеде даулы жағдай туындады. Жергілікті кондитер Самал Асанова алматылық «Қайрат» футбол клубына арнап торт әзірлегені үшін жанкүйерлердің ашуына тиді. Көпшілік мұны туған қаласына және «Ақтөбе» фанаттарына құрметсіздік деп қабылдады. 

Instagram/@aktobe_otbasy
Реклама
Реклама

Әлеуметтік желідегі шу

Ақтөбе жанкүйерлерінің Instagram парақшасында жарияланған бейнежазбада Самал Асанова тортты көрсеткен. Онда футбол добына тәж қойылып, «Верим в вас!» деген жазу жазылған. Сонымен қатар кондитер қыз «Қайраттың» түстеріндегі футболка киіп, клубтың логотипін бейнелеген.

Бұл әрекет жергілікті жанкүйерлерге ұнамай қалды.

«Ақтөбеде футбол — жай ғана хайп емес, ол біздің мәдени кодымыздың бір бөлігі. Осындай қадам қалада бизнес жүргізіп отырған адамға лайық емес. Бұл туған қаласы мен жанкүйерлерін сыйламау. Тек «Ақтөбе»! Тек қызыл-ақ!» – деп мәлімдеді ФК «Ақтөбе» фан-клубы.

Желіде қыздың суреті қызыл сызықпен сызылып таратылды.

Кондитердің жауабы

Даудан кейін Самал Асанова бейнероликті өшіріп, түсініктеме берді:

«Мен футболдан хабарсызбын. Бұл тортты елімізді халықаралық деңгейде танытып жүргендерді қолдау үшін жасадым. Контентім әртүрлі тақырыпта болады. «Ақтөбе» үшін де үлкен торт пісіремін», – деп жазды ол.

Оның айтуынша, өзі бизнесті нөлден бастап дамытып, бүгінгі күні Ақтөбеде ғана 550 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұған қоса басқа қалаларда да өндірісі бар екенін айтты.

Қоғамдағы пікір екіге бөлінді

Бір топ жанкүйерлер фан-клубты қолдап:

«Торт пісіру — қате, бірақ «Қайрат» формасын кию — өрескел қате!» – десе, басқалары керісінше, Асанованы қорғап шықты.

«Сіздер неге ашуланып отырсыздар? «Қайрат» «Реалмен» ойнап жатыр — бұл тарихи сәт! Қазақстан осындай деңгейге жетті, ал сіздер ұсақ-түйекке мән беріп отырсыздар», – деп жазды қолдаушылар.

Тағы бір пікірде:

«Самал жалпы Қазақстанды қолдағысы келді. Ол жиі Ақтөбелік спортшыларға демеуші болып жүреді. «Ақтөбе» үшін де торт жасайды. Сабыр сақтаған дұрыс», – делінген.

Кейбіреулердің ойынша, егер «Ақтөбе» Чемпиондар лигасына өтіп, «Реалмен» ойнаса, бүкіл ел қолдау білдіретіні анық.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары