Қазақстан эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас әріптесі, танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың бір жасқа толған қызының құрметіне өткен тойда сахнаға шығып, қонақтарды тәнті етті. Бұл сәттің видеосын Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде жариялады.
Бейнежазбада Қайрат Нұртас қазақ тілінде «Ламбада» әнін орындап, қонақтарды биге шақырғаны көрсетілген. Әншінің көңілді орындауына залдағы қонақтар қосылып, думанның қызуына ерекше әсер етті.
«Бауырым Мейрамбек Беспаевтың отбасындағы қуаныштан тамаша естеліктер қалды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әрбір қазақстандықтың шаңырағында осындай шат-шадыман той болғай», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Желі қолданушылары бейнероликке жылы лебіздерін қалдырды: