Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Сәкен Майғазиевтен ондайды күтпедім» – композитор кешірім сұрады

Сарапшы, спорт журналисі
24.09.2025, 20:00

Белгілі композитор Арысбек Бағдәулетұлы әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, әнші Сәкен Майғазиевке артық сөз айтып қойғанын мойындап, одан кешірім сұрады. 

aikyn.kz
Реклама
Реклама

Әншіге ауыр сөз айтқан сәт

Оның айтуынша, мәселенің мән-жайын толық түсінбей жатып, асығыс пікір білдіріп, ағасына ауыр сөз айтып қойған.

Композитордың айтуынша, ол Сәкен Майғазиевке ән ұсынып, кейіннен оның тағдырын білу үшін бірнеше рет хабарласқан.

«Сәкен ағаға бір ән бердім. Біраз уақыттан кейін әннің жағдайын білейін деп, ватсабына он шақты рет жазған шығармын. Оқиды да, жауап бермейді. Бір күні қызбаланып: «Жұлдыз екеніңіз белгілі, халықтың арқасында көтерілдіңіз. «Ассалаумағалейкум» деген – Алланың сәлемі ғой» деп қатты айтып қойдым», – дейді Арысбек Бағдәулетұлы.

Алайда Сәкен Майғазиев бұл сөздерге биіктікпен қарап, ашуға ерік бермеген:

«Арыстай, сен басқа нөмірден жазып тұрсың ғой. Қайдан білейін? Күніне қанша адам жазады», – деп түсіндірген.

Өзінің орынсыз кеткенін мойындаған Арысбек Бағдәулетұлы бейнежазбада:

«Аға, егер видеомды көріп отырсаңыз, сізден кешірім сұраймын. Арыстайыңыздан тағы бір ән болады», – деп ағасына құрметпен жүгінді.

Әншінің жауабы

Көпшілік назарына іліккен жағдайдан кейін Сәкен Майғазиев те үн қатты. Ол інісінің оғаш қылығын кешіргенін смайлик арқылы білдірген.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары