Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Назым Қызайбай "Қайрат" - "Реал Мадрид" ойынына билет іздеуде

Сарапшы, спорт журналисі
24.09.2025, 17:35

Әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай Чемпиондар лигасының тарихи ойынына билет іздеуде.

Назым Кызайбай. Фото: Olympic.kz
Реклама
Реклама

Ол туралы даңқты боксшы Instagram-парақшасында жазба қалдырды:

“«Қайрат» – «Реал», билет керек еді. Олимпиададан кейін «Қайраттың» ойынына барып тамашалап едім, сол кезде шақырған адамның нөмірін алмаппын. Көрсеңіз, хабарласыңызшы, өтініш”, – деп жазды Назым Қызайбай.

Еске салай кетейік, “Қайрат” мадридтік “Реалды” өз алаңында 30 қыркүйек күні қабылдайды. Матч 21:45-те басталады. Тағы "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алты "Реалдан" бөлек “Брюгге” (Бельгия), “Олимпиакос” (Грекия), “Арсенал” (Англия), “Интер” (Италия), “Копенгаген” (Дания) және “Пафос” (Кипр) ұжымдарымен кездеседі. 

Бірінші ойынды алматылық ұжым сырт алаңда португалиялық “Спортингпен” өткізген болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары