Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Айдос Сұлтанғалиге Қызылордада пәтер мен көлік кілтін қатар табыстады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:35

Әлем чемпионының бапкері де құр қол қалған жоқ.

Қызылорда облысының әкімдігі
Реклама
Реклама

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғали мен бапкерін марапаттады.

Балуанға Қызылорда қаласынан пәтер кілті және су жаңа темір тұлпардың кілті табысталды. Бапкері Ғабиден Райымбекке де пәтер сыйлады.

Тарихи жеңіс

Загребте 29 жастағы қазақстандық балуан 60 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Алишер Ганиевті 9:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Бұл Қазақстан үшін грек-рим күресінен әлем чемпионатындағы соңғы 26 жылдағы алғашқы «алтын» болды — алдыңғы жеңіс 1999 жылға тиесілі, ол кезде Мұхтар Манукян топ жарған еді.

Бұған дейін Сұлтанғали екі рет әлем чемпионаттарының қола жүлдегері атанған (2018, 2022), ал биылғы табысы оның карьерасындағы ең басты жетістікке айналды. Спортшының өзі де тарихты жаңартып, елге көптен күткен алтынды сыйлау арманым еді деп мойындады.

21 қыркүйекте ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Сұлтанғалиді әлем чемпионы атануымен құттықтады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары