Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ламин Ямальдың бұрынғы ғашығы футболшының жеке өміріне қатысты шулы мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:10

«Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямальдың бұрынғы сүйіктісі, испаниялық инфлюенсер әрі экс-стюардесса футболшының жеке өміріне қатысты тосын мәліметтерді жария етті.

football.london
Реклама
Реклама

Испаниялық инфлюенсердің ашық сұхбаты

Васкестің айтуынша, олардың таныстығы көпшілік ойлағаннан ерте басталған.

«Мен әкеммен бірге Еуропа чемпионатының ойынын көріп отырдым. Ол Ламинді айтып қалды. Сол кезде әлеуметтік желіден іздеп едім, оның маған бірнеше жыл бұрын-ақ хабарласуға тырысқанын білдім», – деді ол.

Ламин Ямаль және Фати Васкес. ФОТО: sport-express.net

Фати Италиядағы алғашқы кездесуге кешіккенін еске алып, Ямальдың ренжігенін айтты:

«Ол маған: “Жақсы болды кешіккенің, әйтпесе басқа қызбен танысып қалар едім”, – деді», – деп күледі Васкес.

Ники Никольге қатысты айыптау

Ең даулы мәлімдемелердің бірі Ямальдың қазіргі сүйіктісі, әнші Ники Никольге қатысты болды.

«Мен оның шын жүректен ғашық екенін білемін. Бірақ Ники олай емес. Ол тек пайдаланып жүр», – деді Фати Васкес.

Сондай-ақ ол футболшының «қыздар тізімі» бар екенін, сол арқылы кездесулерін жоспарлайтынын да жасырмады.

Бұрынғы шу

Айта кетейік, бұған дейін де Ямаль мен Фати Васкестің Италиядағы демалыс сәтінен түсірілген суреттері әлеуметтік желіде тарап, футболшының жеке өмірі үлкен талқылауға түскен болатын. Тіпті БАҚ оның OnlyFans моделімен қарым-қатынасы жайлы жарыса жазған еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары