Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Баян Алагөзова «Қайратқа» арнап ән шығарды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
29.09.2025, 10:26

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың тобы «Қайрат» футбол клубына қолдау көрсету мақсатында жаңа ән жазып шығарды.

kursiv.kz
Реклама
Реклама

«Реалға» қарсы матч алдындағы қолдау

Ән алғаш рет KeshYou тобының ресми аккаунтында жарияланды. Желі қолданушылары мен «Қайраттың» жанкүйерлері жаңа туындыны ерекше ықыласпен қабылдады:

  • «О, Құдайым! Жеңіс біздікі!»
  • «Мұнан кейін „Қайрат“ міндетті түрде жеңуі керек»
  • «Қыздар жарадыңдар! „Қайрат“, алға!»

Клипте топ мүшелері алматылық клубтың дәстүрлі қара-сары түстеріндегі киіммен сахналанған. Әртістер таңдаған футбол добы да осы түске үйлестірілген.

Чемпиондар Лигасындағы жағдай

Еске салсақ, «Қайрат» — «Реал» матчы 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

  • «Қайрат» Лиссабонда өткен алғашқы ойында «Спортингтен» 1:4 есебімен ұтылса,
  • «Реал» өз алаңында «Марсельді» 2:1 есебімен тізе бүктірген.

Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері топтық кезеңде бұдан бөлек «Арсенал», «Интер», «Брюгге», «Копенгаген», «Олимпиакос» және «Пафоспен» де кездеседі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары