Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қуат Хамитов бірден екі қыз іздеп жүргені туралы мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
29.09.2025, 12:25

Алайда ол жазған хаттарына жауап ала алмайтынын айтып, әзіл аралас пікір білдірді.

instagram:kuat__khamitov
Реклама
Реклама

Белгілі спортшы әрі блогер Қуат Хамитов соңғы уақытта әлеуметтік желідегі бойжеткендерге жиі хабарлама жазып жүргенін мойындады.

Алайда ол жазған хаттарына жауап ала алмайтынын айтып, әзіл аралас пікір білдірді.

«Соңғы кезде қыздарға жиі жеке хабарламалар жазып жүрмін. Бірақ ешкім жауап бермейді, тек жазғандарымның скринін жасап алады. Олар келесі жылы өзімнің фильмімді түсіруді жоспарлап жүргенімді білмейді. Сол үшін қыздар керек», – деді Хамитов.

Желі қолданушылары спортшының бұл сөзіне әртүрлі пікір қалдырды. Бірі Хамитовтың ашықтығына күліп қараса, енді бірі мұны пиардың жаңа тәсілі деп бағалады.

 Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жылдары тек спорт саласында емес, қоғамдағы белсенділігімен және шығармашылық жобаларға қызығушылығымен де көпшілікке танылып жүр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары