Қазақстандық шахмат жұлдызы кешегі матчтан кейін «Қайрат» жігіттерін жігерлендірді.
Қазақстанның үздік шахматшысы Жансая Әбдумәлік мадридтік «Реалға» қарсы өткен ойында ерекше көзге түскен «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға жылы лебізін білдірді.
Лиссабонда «Спортингке» қарсы алғашқы турдағы жеңілістен кейін Алматыда өткен екінші матчта «Қайрат» тәжірибелі «Реалдан» ойсырай ұтылды (0:5). Дегенмен, отандық жанкүйерлер сияқты Жансая Әбдумәлік те бұл кездесуде оң әсерін қалдырған сәтті ерекше атап өтті.
«Біздің жігіттер жарады! Қарсылас мықты болса да, лайықты ойын көрсетті. Әсіресе жас қақпашы — Шерхан Қалмырзаға үлкен респект. Бұл басы ғана», — деп жазды Жансая өзінің Instagram сторисінде.
Ол футболға аса жақын болмаса да, дәл осы матчта жанкүйер болғанын жасырмады:
«Мен футболдан алшақпын, бірақ бүгін жігіттеріміз үшін шын жүректен уайымдадым. Жарайсыңдар, жігіттер!» — деді спортшы.
Бұл Рафаэль Оразбахтин шәкірттерінің Чемпиондар лигасындағы екінші ойыны еді. Бұған дейін олар Лиссабонда «Спортингке» 1:4 есебімен есе жіберген болатын. Алдағы үшінші турда алматылықтар 21 қазанда өз алаңында Кипрдің «Пафосын» қабылдайды.