Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Самат Смақовтың қызы көпшілікті таңғалдырды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:30

Ел футболындағы атақты ойыншыларының бірі Самат Смақовтың қызы Самира әлеуметтік желіде ерекше мәлімдемесімен көзге түсті. Ол «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырзамен қарым-қатынаста екенін ашық көрсетті. 

instagram.com/@samira_smakova
Реклама
Реклама

Самат Смақовтың қызы «Қайрат» қақпашысына жанкүйерлік білдірді

Шерхан Қалмырза бар болғаны 18 жастағы қақпашы. Оның сүйіктісі Самира. Ол Самат Смақовтың қызы, жасы 20-да. Атақты қорғаушы Смақов кәсіби мансабын 2017 жылы аяқтаған.

30 қыркүйекте Самира Алматының Орталық стадионына барып, «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуін тамашалады. Ол матч алдында Instagram-Stories арқылы сүйіктісіне арнаған әсерлі сөздерін бөлісті:

«Сен мен үшін әрқашан үздіксің. Нәтиже қандай болса да, сен менің №1-імсің! Шексіз мақтанамын», – деп жазды Самира.

Ойыннан кейін ол Шерхан Қалмырзаның әйгілі қақпашы Тибо Куртуамен жейде алмасқан сәтін және алаңнан шығып бара жатып өзіне қол бұлғағанын да жариялады.

ФОТО: zakon.kz

Әлеуметтік желідегі белсенділік

Самира әлеуметтік желілерде белсенді. Оның Instagram парақшасында Қалмырзамен бірге түскен сурет немесе бейне жоқ, алайда TikTok-та бірге түскен видеоларын жиі бөліседі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары