Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ерке Есмахан: «Мені талқылап болдыңдар, енді балаларымды бастадыңдар ма?»

Сарапшы, спорт журналисі
02.10.2025, 15:57

40 жастағы қазақстандық әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында балаларының суретін жариялағаннан кейін әлеуметтік желідегі орынсыз пікірлер мен кеңестерге ашуын білдірді.

instagram/@erke_esmahan
Реклама
Реклама

Балалардың суреті мен «диагноз» қойғандар

Ерке сториске ұлдары – Ислам мен Батырдың аяқтарының суретін салған болатын. Желі қолданушылары бірден «мамандарша» талдай бастады:

  • «Ұлыңыздың аяғында вальгус деформация бар сияқты», – деп жазды бірі.
  • «Жоқ, ол жай ғана томпақ. Уайымдамаңыз, біз балаларды басынан аяғына дейін қадағалаймыз», – деп жауап қатты Ерке әзіл аралас.

Бірақ мұнымен тоқтамағандар Батырды да сынға алды:

  • «Бірінің аяғы түзу, екіншісінікі қисық екен, не істейсіз?» – деген пікірлер айтылды.

Еркенің жауабы

Әнші мұндай негізсіз ескертулерге нүкте қойғысы келді:

«Мені талқылап болдыңдар. Енді балаларымды бастайсыңдар ма? Алла маған сабыр берсін», – деп ашық жазды ол.

Сонымен бірге Ерке жанкүйерлерге ой саларлық сөз қалдырды:

«Бұл стористерді көріп, қорытынды жасай беріңіздер. Басқалардың не айтатынына емес, тыныш өмір сүруге мән берген дұрыс».

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары