Қазақстанның халық әртісі әрі әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркке жеке концертіне ұшып барды. Жанкүйерлері оны әуежайда жылы қарсы алды
5 қазанда Димаш Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында Stranger атты жеке концертін береді. Тыңдарманы әртісті Нью-Йорк қаласындағы Кеннеди халықаралық әуежайынан жылы қарсы алды.
"Жылы қарсы алғандарыңызға рақмет", - деп жазды Димаш.
Кездесу кезінде түсірілген видео Димаштың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Сүйікті әншіні гүл шоқтарымен, сыйлықтармен, плакаттармен қарсы алуға келген жанкүйер оның қолтаңбасын алып, қуанып қалды. Димашты әуежайдан қарсы алуға оның ең кішкентай жанкүйері де келген.
"Арамызда не бар? Мұхит пен беймәлімнен басқа. Сіздің дауысыңыз! Мен керемет шоуды асыға күтемін", "Нью-Йорк әуежайы осы кеште Димашқа деген теңіздей махаббаттың куәсі болды", "Бұл кадрлар Димашты тыңдарманы қаншалықты жақсы көретінінің және күтетінінің дәлелі, ол шаршағанына қарамастан, бізді қуанышқа бөледі", "Бүкіл әлем кумирімен кездесуге дайындалуда! Нью-Йоркте тамаша концерт!", - деп жазды желіде пікір қалдырғандар.