Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Төреғали Төреәлі Қазақстан бойынша үлкен тур жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
09.10.2025, 21:03

Қазақстанның танымал әншісі, композитор және актер Төреғали Төреәлі 33 жасқа толуына орай TORE SHOW атты үлкен концерттік турын жариялады.

NUR.kz
Реклама
Реклама

Жаңа дәуір, жаңа жоба, жаңа рух

Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында хабарлады.

«Жаңа дәуір. Жаңа жоба. Жаңа рух. Қазақстан бойынша үлкен музыкалық сапар», — деп жазды Төреғали афишамен бірге жариялаған жазбасында.

14 қазанда Төреғали Төреәлі 33 жасқа толады. Ал келесі күні, 15 қазанда, оның туған жері Байқоңыр қаласында TORE SHOW турының алғашқы концерті өтеді.

Кейін әнші Қызылорда, Түркістан, Кентау, Шымкент, Тараз, Талдықорған қалаларында өнер көрсетеді. Сондай-ақ Өскемен, Семей, Павлодар және Екібастұзда да концерттер жоспарланған.

Жалпы тур аясында 33 қалада 33 концерт өткізу көзделіп отыр.

Музыкалық-театрлық шоу мен жаңа туындылар

TORE SHOW — бұл жай ғана концерт емес, музыкалық әрі театрлық қойылым элементтерін біріктірген ерекше жоба болмақ.

Әнші жаңа әндерін көпшілікке ұсынумен қатар, айтыс элементтерін, сахналық көріністерді және арнайы қонақтардың қатысуын уәде етті.

«TORE SHOW — менің шығармашылық өмірімнің жаңа парағы. Бұл жобада рух, ұлттық бояу және заманауи сахналық стиль тоғысады», — дейді Төреғали Төреәлі.

Әншінің жаңа жобасы желіде үлкен қызығушылық тудырды. Желі қолданушылары пікір қалдырып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр:

«Төреғали, тек алға!»
«Халық сені сағынды, зал толы болатынына сенімдіміз!»
«Астана мен Алматыда да концерт бола ма?»
«Бабам сіздің әндеріңізді жақсы көретін, тіпті шөбересін Төреғали деп атаған еді!» — деп жазды тыңдармандары.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары