Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

“Бұрын мұндай көлікке мінген емеспін” — Сәбина Алтынбекова жаңа сыйлығын таныстырды

Сарапшы, спорт журналисі
09.10.2025, 17:01

«Ыңғайлы және заманауи»: Сәбина Алтынбекова қымбат сыйлығын көрсетті.

instagram.com/altynbekova_20
Реклама
Реклама

Қазақстанның ең сұлу волейболшысы Сәбина Алтынбекова өз көлігін көрсетті. Спортшы бұл сыйлық екенін мойындады. Қара түсті көліктің суретін Сәбина Instagram парақшасының сторисінде жариялаған. Алайда маркасын нақтыламаған. Бірақ суретке қарағанда қытайлық Deepal S09 маркалы автокөлік иегері атанған сияқты. Мұндай көліктердің бағасы 20,5 миллион теңгеден басталады.

«Туған күніме әлі бір ай бар, ал мен екі апта бұрын алғашқы сыйлығымды алдым. Бұған дейін мінгендерімнің ішінде ең ыңғайлы әрі ең озық көлік шығар. Рахмет», – деп жазды Алтынбекова.

Бұған дейін аралас жекпе-жек өкілі Қуат Хамитов Сәбина Алтынбековаға ұсыныс жасаған. Бірақ бұл жеке өмірге емес, жұмысқа қатысты. Ол келер жылы өзінің алғашқы фильмін түсіруді жоспарлап отыр. Ал жанкүйерлер оған волейболшыға назар аударуды ұсынған еді. Хамитов бұл идеяға жауап берді. Дегенмен Алтынбекова әзірге бұл жайлы ешқандай пікір білдірмеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары