Қуат Хамитов Сәбина Алтынбековаға ұсыныс жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық танымал файтер, ММА жауынгері Қуат Хамитов өзінің шығармашылық жоспарын жариялап, кино түсіруді қолға алатынын мәлімдеді.

Қуат Хамитов Сәбина Алтынбековаға ұсыныс жасады
коллаж penalty.kz

ММА жауынгері кино түсіруге кіріспек

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жобасына байланысты кастинг жариялап, оқырмандардан ұсыныстар қабылдаған.

Желі қолданушыларының бірі Хамитовқа өзінің фильміне қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекованы шақыруды ұсынған.
Оған жауынгер ерекше жауап берді:

«Керемет идея! Қалай қарайсың?» – деп жазды Қуат Хамитов Instagram парақшасында, Сәбинаның аккаунтын белгілей отырып.

Бұл жазба аз уақыт ішінде әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, спорт және шоу-бизнес әлемінің назарын аударды.

Бұған дейінгі дау

Айта кетейік, бұған дейін желіде Қуат Хамитов пен Сәбина Алтынбекова арасында қызу пікірталас өрбіген. Ол кезде спортшы «Сәбина менің талғамыма сай емес» деп мәлімдеген еді.
Бұл сөз көпшіліктің назарына ілігіп, әлеуметтік желілерде түрлі пікір тудырған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 2
😂 2
😡 2
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір