Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жапония футбол қауымдастығының басшысы порнография көргені үшін сотталды

Сарапшы, спорт журналисі

58 жастағы Кагэяма Париждегі әуежайда ұсталған.

Жапония футбол қауымдастығының басшысы порнография көргені үшін сотталды
Сүрет: ашық дереккөздерден

Жапония футбол қауымдастығының (JFA) техникалық директоры Масанага Кагэяма Францияда балалар порнографиясын қарағаны үшін шартты түрде сотталды. Бұл туралы AFP агенттігі Бобиньи қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

58 жастағы Кагэяма Париждегі Шарль-де-Голль әуежайында ұсталған. Ол сол уақытта Чилиде өтетін 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы әлем чемпионатына ұшып бара жатқан. Le Parisien басылымының мәліметінше, ұшақ бортындағы қызметкерлер ер адамның ноутбугынан балалар порнографиясын көріп қалып, полицияға хабарлаған.

Масанага Кагэяма

Кагэяма тергеу кезінде бұл бейнелер нейрожелі арқылы жасалған жасанды суреттер екенін айтқан. Алайда сот барысында ол кінәсін мойындап, өз әрекетіне өкінетінін және Францияда мұндай контентті қарау заңмен қатаң тыйым салынғанын білмегенін жеткізген.

Сот шешімімен Кагэяма 18 ай шартты түрде бас бостандығынан айырылып, 5 мың еуро айыппұл төлеуге міндеттелді. Ол 15 жасқа дейінгі тұлғалар бейнеленген порнографиялық материалдарды сақтау, тасымалдау немесе қарау дерегі бойынша айыпты деп танылды.

Сонымен қатар, сот Кагэямаға 10 жыл бойы балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істеуге және Франция аумағына кіруге тыйым салды. Ол Францияның сексуалдық қылмыскерлер ұлттық тізіміне енгізілді.

Жапония футбол қауымдастығы оқиғадан кейін Кагэямамен еңбек шартын бұзғанын ресми түрде хабарлады.

Масанага Кагэяма – жапон футболындағы беделді мамандардың бірі. Ол ұлттық құрамалар жүйесін дамыту, бапкерлер даярлау және жастар футболын жетілдіру ісіне жауапты болған. Бұрын кәсіби футболшы ретінде 1991–1996 жылдары қорғаушы позициясында ойнаған. Кейін бірнеше жапон клубтарын жаттықтырып, 2017 жылы Жапонияның жастар құрамасын басқарған. Оның жетекшілігімен команда 2018 жылғы Азия чемпионатында үшінші орын алып, 2019 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір