Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қайрат Нұртастың әкесіне туған күнінде тосын сый жасалды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның танымал әншісі Қайрат Нұртастың отбасы әкесі, продюсер Нұртас Айдарбековтің туған күнін ерекше атап өтті. Мереке жайлы видео үзінділерді Қайраттың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында жариялады. 

Қайрат Нұртастың әкесіне туған күнінде тосын сый жасалды
instagram.com/@aidarbekov_nurtas

Туған күндегі әсерлі сәт

Нұртас Айдарбеков туған күнін отбасы мүшелерімен бірге қарсы алды. Балалары мен туыстары оған тосын сый дайындап, жылы атмосфера орнатты.

Қайрат пен отбасы мүшелері әкесіне торт әкеліп, шамдарын жақты. Туған күн иесі тілек айтып, Қайраттың репертуарындағы «Туған күн» әнін бәрі бірге шырқады. Әннен кейін дастархан жайылып, отбасылық қуаныш жалғасын тапты.

Гүлзира Айдарбекова жұбайына арнаған жүрекжарды жазбасында:

«Бүгін менің Нұрекемнің туған күні. Ол – менің өмірімнің тірегі, балаларымның әкесі. Әрдайым менің ұзақ өмір сүргенімді тілейді, мені таңдағанына еш өкінбейтінін айтады. Алла саған мәнді де ұзақ ғұмыр берсін! Баршаңыздың да жылы тілектеріңізді күтеміз», – деп жазды ол.

Желі қолданушыларының құттықтауы

Жарияланым астында отандық жұлдыздар мен желі қолданушылары да өз тілектерін қалдырды:

  • «Нұртас аға жүзге дейін өмір сүрсін!»,
  • «Бүгін менің де туған күнім – ұлым да Қайраттай азамат болсын!»,
  • «Құттықтаймыз! Бір жастықта қартайыңыздар!», – деп жазды пікір қалдырушылар.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір