Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Футболды жауып тастаңдар дегенмін": Қуат Хамитов

Сарапшы, спорт журналисі
10.10.2025, 11:28

Осы жолы аралас жекпе-жек жауынгері жастар құрамасының жеңілісі туралы айтты.

Қуат Хамитов
Реклама
Реклама

Қазақстанның жастар құрамасы 2027 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Андорра құрамасынан 0:1 есебімен сырт алаңда жеңіліп қалды. Бұл кездесуге дейін қазақстандықтар фаворит саналған еді.

Отандас футболды жиі сынға алатын «Найман» лақап атты Қуат Хамитов Instagram желісіндегі kzsports парақшасында матч нәтижесіне қатысты пікір қалдырды:

«Мен сіздерге 10 жыл бұрын футболды жауып тастаңдар дегенмін! Ал сіздер маған сенбедіңдер», — деп жазды Қуат, жазбасына күлкі мен «бетке алақан» эмодзилерін қоса тіркеп.

Аталған матчтан кейін Қазақстан жастар құрамасы іріктеу кезеңінің D тобында үш ұпаймен бесінші орында тұр. Андорра да үш ұпай жинағанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша ғана Қазақстаннан төмен — алтыншы орында орналасқан.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары