Қазақстандық тележүргізуші және актриса Аша Матай өзінің жаңа сәнді образымен желі қолданушыларын таңғалдырды.
Көпшілік оның бейнесін жоғары бағалап, жылы пікірлер қалдырды.
«Бәрі сияқты болуға міндетті емеспін. Өзім болуды таңдаймын!» — деп жазды тележұлдыз Instagram парақшасында.
Аша Матай бұл жолы классикалық әрі заманауи стильді ұштастырған бейне ұсынды.
Тележүргізуші ұзын жеңді беж түсті көйлекке қара былғары плащты үйлестірген. Шашын жоғары түйіп, бет жанына бірнеше талшық қалдырған. Табиғи реңкті макияж оның табиғи сұлулығын айқындай түскен.
Образды толықтыру үшін теледива алтын сақиналар тағып, нәзік күлкісімен әсем әсер қалдырды.
Пікір қалдырғандардың арасында танымал блогерлер мен сән мамандары да бар. Олар Ашаның бейнесін Голливуд жұлдыздарына теңеді: