Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Күн райының бұзылуына байланысты Қазақстанның 15 облысында ескерту жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі
16.10.2025, 06:00

"Қазгидромет" синоптиктері 16 қазанға ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, еліміздің 15 облысында күн райы бұзылады деп күтілуде.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Түркістан облысының солтүстігі, батысы және таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік-батыс бөлігінде, күндіз облыстың оңтүстігі, солтүстігі мен шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15–20 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Өңірде жоғары өрт қаупі бар.

Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с құрайды. Түнде солтүстік пен оңтүстікте ауа температурасы 1–6°С дейін төмендеп, үсік жүреді. Алматы қаласында түнде 1–3°С, Қонаевта 4–6°С суық күтіліп, үсік болуы ықтимал.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл маңында жел екпіні 15–20 м/с, кей тұстарда 23–28 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 4–9°С төмендеп, үсік жүреді.

Жамбыл облысының таулы өңірлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан жел 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді. Батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі байқалады.

Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Өңірдің солтүстігі мен орталығында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстігі, оңтүстігі және шығысында төтенше, ал солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында тұман болады. Оңтүстігі мен шығысында жоғары, ал батысы, орталығы мен солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысы, орталығы және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз оңтүстігі мен орталығында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15–18 м/с жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с құрайды. Оңтүстігінде төтенше, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және орталығында шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Оңтүстігінде төтенше, ал шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы батысы мен оңтүстігінде кей кездері 15–20 м/с дейін күшейеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары