Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қатты жел мен үсік: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

Сарапшы, спорт журналисі
17.10.2025, 06:00

"Қазгидромет" РМК 17 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде қолайсыз ауа райы болатынын хабарлап, ескерту жариялады.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

 

Ақмола облысы:
Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Солтүстік-батыс және шығыс аудандарда жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстік-батыс бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы:
Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс пен солтүстікте төтенше өрт қаупі, орталықта жоғары өрт қаупі байқалады.

Қостанай облысы:
Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыс және солтүстік өңірлерде жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі, оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі бар.

Алматы облысы:
Солтүстік және оңтүстік аудандарда түнде 1–6°С үсік күтіледі.
Алматы қаласында: 17 қазан түнінде топырақ бетінде 1–3°С үсік байқалады.

Батыс Қазақстан облысы:
Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіледі. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы:
Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерінде жел екпіні 15–20 м/с, ал күндіз солтүстік пен шығыста 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Жетісу облысы:
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел Алакөл көлдері маңында 15–20, кей кездері 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы 4–9°С-қа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Түркістан облысы:
Солтүстік-батыстан соғатын жел күндіз тау асуларында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы:
Жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы:
Солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман күтіледі. Солтүстік, оңтүстік және шығыс аймақтарда төтенше өрт қаупі, ал солтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысы:
Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде солтүстік және оңтүстік аудандарда 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстікте төтенше, шығыс пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы:
Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Батыс және оңтүстік аудандарда жел екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысы:
Солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз батыс өңірде желдің күші 15–20 м/с. Төтенше өрт қаупі, ал солтүстік пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы:
Солтүстік пен орталықта солтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік және шығыста жоғары өрт қаупі, ал батыс, солтүстік-шығыс және орталық аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары