Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Мені көп жерде түсінбейді»: Нұрлан Еспанов өмір сабағын 30 жылдан кейін ұққанын айтты

Сарапшы, спорт журналисі
23.10.2025, 20:20

Белгілі әнші Нұрлан Еспанов ұзақ жылдар бойы сахнада жүргеннен кейін өмір мен адам қарым-қатынасы туралы терең ой түйгенін айтты.

фото ашық дереккөзден алынды
Реклама
Реклама

«Көңілді адамға ештеңе бұйырмайды екен»

Әншінің сөзінше, көпшілік оны жиі қате түсінеді, ал көңілді болудың артында үлкен шаршау мен жауапкершілік жатыр.

«Нұреке, сақалыңыз шықты, енді әзіл айтқанша, ақыл айтпайсыз ба?» — дейтіндер көп. Кеше біреу “Нұрлан аға, мен сізді жек көремін” деп жазып жіберіпті. Мен “Жақсы көру үшін не істеуім керек еді?” деп жауап қайтардым. Бір күні жарнама түсіріп жатсам, “Ашсыз ба?” деп сұрапты. “Тоқпын” дедім. Негізі күлдіріп жүру – ең қиын іс. 30 жылдан бері көңілді адам болып шаршадым. Көңілді адамға ештеңе бұйырмайды екен», — деді Еспанов.

Әнші қазіргі қоғамда өнер адамының шынайы еңбегін бағалай білмеу мәселесін де қозғады.

«Көп адам сенен пайда көргісі келеді. Керек кезінде шақырады, керек болмай қалса, ұмытады. Ақшасы бар жерге шақырмайды, ал жағдайы төмен жерге “көтеріп береді” деп күтеді. Ал сен көтеріп алған соң, қажетің де болмай қалады», — деп өкпесін білдірді өнер иесі.

Отбасылық өмір және ұлының пікірі

Жақында Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов әкесінің үйде сирек болатынын айтып, әзілмен “квартирант сияқты” деп сипаттаған еді.

«Әкем көбіне үйде болмайды. Ұйықтауға ғана келеді. Күндіз кетіп қалады. Баяғы қалпында жүр, еш өзгермеген», — деді Олжас.

Өнерпаз ұлының бұл пікірін әзілмен растады:

«Рас, қазір үйде болуға уақыт жоқ. Қонақ күтіп, іс-шараға қатысып жүрмін. Енді ғана қызық басталатын сияқты. Келініміз өте жақсы. Үйде адам аз ба, көп пе — байқалмайды. Құдалық та, той да өтті», — деп күлімсірей жауап берді әнші.

Нұрлан Еспановтың бұл әңгімесі — күлкі мен қуаныштың артында да үлкен тәжірибе мен ішкі күрес бар екенін еске салады. Ол 30 жылдық сахналық жолында елге шаттық сыйласа да, кей сәтте өз сезімін түсіндіре алмайтын сәттер көп болғанын мойындайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары