Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Енді ештеңеге таңғалмаймын" - UFC файтері GTA 6 ойыны туралы

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:47

UFC жауынгері Терренс Маккинни GTA 6 ойынының шығу мерзімі кейінге шегерілгені туралы жаңалыққа өз көзқарасын білдірді.

Тенерс Маккини. Фото: Getty Images
Реклама
Реклама

Бұған дейін танымал ойынның мамырда емес, 2026 жылдың қарашасында шығатыны хабарланған болатын.

«GTA 5 шыққанда менің жасым 19-да еді. Сол уақыттан бері мен артық дозадан екі рет өліп, өмірге қайта оралдым, есірткіден бас тартып, күреспен айналысып, кейін ММА-ға келдім, UFC-ге өтіп, бірнеше қарсыласымды рекордты жылдамдықпен нокаутқа түсірдім. Қазір де сол еңбекті жалғастырып келемін. Енді ештеңеге таңғалмаймын», – деп жазды Маккинни әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, 2015 жылы Маккинни ЛСД, галлюциногендік саңырауқұлақ және алкоголь қоспасынан улану салдарынан екі рет жүрегі тоқтап, өлім аузынан аман қалған.

Қазір оның кәсіби рекорды 17 жеңіс және 7 жеңіліс. Соңғы жекпе-жегінде ол ресейлік Вячеслав Борщевті мерзімінен бұрын жеңген.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары