Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Жаныма байлап қойған жоқпын»: Гүлзира Айдарбекова Қайратты қасынан жібермейді деген пікірге жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі
18.11.2025, 21:01

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз бен оның ата-анасына қатысты жазылған пікірге жауап беріп, желіде қызу талқыланды. 

instagram/@gulziraaidarbekova
Реклама
Реклама

Threads желісінің қолданушысы Айдарбековадан:

«Сізді ана ретінде құрметтеймін. Бірақ неге Жұлдыз және оның ата-анасымен қарым-қатынасты түземейсіз?» — деп сұрақ қойған.

Продюсер бұл сауалға былай деп жауап берді:

«Мен барлығын басқарып отыратын Құдай емеспін. Әркімнің өз таңдауы, өз ұстанымы бар. Оның үстіне олардың қолында менің бес немерем бар. Солардың бақыты үшін не істемейміз? Уақыт бәрін көрсетеді. Бала өскен сайын адам да түсіне бастайды. Көрінген таудың алыстығы жоқ, бәрінің кезегі келеді», — деп жазды ол.

Сондай-ақ, Айдарбекова «Қайратты жаныңыздан жібермейсіз» деген пікірге қатты ашуланып жауап қайтарды.

«Мен оны өзіме байлап алған жоқпын. Продюсер ретіндегі жұмысымды атқарып жүрмін. Бала-шағасы қасында, ешқайда кетіп қалған жоқ. Біреу басқа әйел алып кетті деген де өтірік. Ұлдарыма “тоқал алсаңдар, мені тірідей көме салыңдар, немерелерімді жылатпаңдар” дегенім ме?», — деп кесіп айтты продюсер.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары