Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Елімізде несие алу шарты өзгерді

Сарапшы, спорт журналисі
27.11.2025, 15:10

Қазақстандықтар енді бір уақытта бірнеше несие ала алмайды.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Мәжіліс банктер және банк қызметі туралы заң мен оған қаржы нарығын реттеу мен дамытуға қатысты ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Депутаттардың нормативтік актілерді нақтылауға және азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған екінші оқылымға қатысты ұсыныстарын жұмыс тобы қолдады.

Негізгі бастамалардың қатарында заңды және жеке тұлғалардың шотына сыйақы есептеуге тыйым салуды алып тастау бар.

Ал жеке тұлғалардың бірнеше банктен немесе микроқаржы ұйымынан бір сағат ішінде несие алуға өтініш беруіне қойылған шектеу сақталды.

Бастапқы биометриялық мәліметтерді алу және электронды цифрлық қолтаңбаны беру тек клиенттің жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

Несие бюролары алаяқтыққа қарсы Антифрод орталығына енгізіледі және алаяқтық әрекеттерді тексеру үшін жеке тұлғалардың екі немесе одан да көп банкке берген несие өтінімдері туралы ақпаратты бір сағат ішінде бөлісуге міндетті болады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары