28 қарашада Қазақстан қаржы биржасында (KASE) доллар күрт арзандады.
1 АҚШ доллары шамамен 513 теңге болды. Бір тәулікте ұлттық валюта шамамен 3 теңгеге нығайды.
Ұлттық валюта елде базалық мөлшерлеме туралы маңызды шешім қабылданған күні нығайып жатыр. Бүгін Ұлттық банк (ҰБ) оны 18% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.
Айта кетейік, бір күн бұрын KASE-дегі валюта саудасы 516,20 теңгемен жабылған. Ал бүгін сағат 12.30-дағы жағдай бойынша 1 доллар 513,35 теңге болып тұр.