Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«10 жыл үйде отырды»: Қайрат Нұртастың қызы анасының өміріне қатысты астарлы сөз айтты

Сарапшы, спорт журналисі
01.12.2025, 18:08

Қазақ шоу-бизнесінің ең көп талқыланатын жұптарының бірі – әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімова. Олардың 16 жастағы қызы Алау әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды.

ernur.kz
Реклама
Реклама

Алау өзінің жазбасында әйелдердің бұрынғы және қазіргі рөліне тоқталып, аналардың таңдауы мен еркіндігі туралы айтты. 

Ол өз жазбасында шамамен мына мағынаны келтірген:

«Біздің аналарымыз – ер адамның қасында болу үшін өз еркіндігін, бақытын, тіпті өмірін де шетке ысырып қабылдаған соңғы буын. Осымен бұл кезең аяқталуы тиіс».

Бұл сөздер желідегі қолданушыларды бейжай қалдырған жоқ. Көпшілік Алаудың көзқарасын талқылап, қазіргі жастардың ой-санасына, отбасылық құндылықтарға деген көзқарасына назар аударды.

  • «Анаң он жыл үйде отырып, содан кейін өте әсерлі түрде жарқ етіп шықты ғой»;
  • «Жұлдыз шынымен ақылды, тәрбиелі, көреген балалар өсірді»;
  • «Сенің ойыңмен толық келісемін»;
  • «Жарайсың, жас болсаң да, сөзге ұста екенсің».

Кейбірі Алаудың сөзі арқылы бүгінгі қыздардың еркін, саналы болып өсіп келе жатқанын атап өтті, енді біреулер отбасылық қатынасқа біржақты баға бермеуге шақырды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары