«Жұбайынан күтпеген соққы»: Беркут пен Аишаның биі желіні күлдірді
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Беркут пен Аиша Instagram желісінде жариялаған күлкілі видеосымен көпшіліктің көңілін көтерді. Жанкүйерлер сүйікті жұбын әзілге жақын, өмірге позитивпен қарайтын ерлі-зайыптылар ретінде тағы бір қырынан көрді.
Бимен басталған видео «нокаутпен» аяқталды
Өнерпаздар жариялаған роликтің астына:
«Би билегіміз келген, бірақ зардап шеккен өзі болды», — деген әзіл жазба қалдырылған.
Видеода жұп әуен ырғағымен көңілді би билеп жатады. Кадр бір сәтте күтпеген жерден өзгереді: бұрылыстың үстінде Аиша шынтағымен Беркуттың иегіне дәл тигізіп, әнші еденге құлап түседі.
Кейінірек ерлі-зайыптылар жанкүйерлерін алаңдатпау үшін:
«Түсірілім кезінде ешбір актер зардап шеккен жоқ», — деп нақтылап жазды.
Осылайша, видеоның негізгі мақсаты — күлкі мен позитив сыйлау болғаны айқын көрінді.
Желі қолданушыларының реакциясы: «Испандық танго бір жақта қалды»
Беркут пен Аишаның видеосы Instagram-та тез тарап, пікірлер легі жауды. Желі қолданушылары олардың биін де, юморын да жоғары бағалады:
Жанкүйерлер пікірлерінде:
- «Ол жай ғана билеп жатып, сахнадан қалай қашып кетуді ойлады ғой»
- «Ең әдемі жұпсыздар»
- «Аиша тура иекке “қондырып” жіберді, нағыз күтпеген соққы»
- «Керемет билейсіздер, әрі әзілмен әрлегендеріңіз ұнайды»
- «Мынаны көрген испандықтар өз тангосын ұмытып қалар, шедевр!»
- «Бақытты болыңыздар, сіздерді қатты жақсы көремін!»
деген пікірлер қалдырды.