Соңғы рет татами шебері 2024 жылы Париж Олимпиадасына қатысқан еді.
Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов туған күнінде өзінің жұбайына темір тұлпар сыйлады.
Instagram желісінде спортшы бірнеше Stories жариялап, онда оның әйелімен құшақтасып, автокөліктің кілтін табыстаған сәті көрініс тапқан. Кадрлардан фейерверк атылып жатқанын да байқауға болады, ал сыйлық — Hyundai Mufasa маркалы автокөлік.

Айта кетейік, Сметов қатысқан соңғы турнир — 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындары. Онда ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «алтын» медаль жеңіп алған.
Бұған дейін Елдос Сметовтың татамиге қашан қайта оралатыны белгілі болған еді.