Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қайрат Нұртастың әкесі видеомен жұртты сүйсіндірді

Сарапшы, спорт журналисі
11.12.2025, 21:35

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әкесі, продюсер Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желіде немерелері мен үлкен келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың отбасылық тойындағы видеосын жариялап, оқырмандарын елжіретті.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Отбасылық той, немерелер және ыстық көңіл

Жүктелген бейнероликте алдымен Нұртас Айдарбеков немересі Ханмен бірге кадрға түседі. Содан кейін ол кішкентай Рәбия Сұлтан есімді жиен немересін еркелетіп отырған сәттері көрсетіледі.

Кадрда Қайраттың жары, актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдукәрімова да көрінеді. Видео соңында Қайрат Нұртастың өзі де пайда болып, жыламсырап тұрған кішкентай қызын қолына алып жұбатқан сәті түсірілген.

Бұл отбасылық жиын Жұлдыз Әбдукәрімованың әулетіндегі тойлардың бірінде түсірілгені айтылды.

«Немерелеріміздің саны көбейсін» – Нұртас Айдарбековтің тілегі

Видеоның астына Нұртас Айдарбеков жүректен шыққан тілегін жазып қалдырған. Ол немерелерінің көп болуын тілеп, шүкіршілігін жеткізді:

«Немерелеріміздің қатары көбейе берсін. Бергеніне шүкір деп өмір сүріп жатырмыз. Бала-шағамызды, немерелерімізді жаман көзден сақтасын, қуанышымызды көбейтсін», – деп дұға тілеген ол.

Желі қолданушылары бұл жазбаны жылы қабылдап, әулетке ақжарма тілектерін жаудырды.

Пікір жазғандардың басым бөлігі Нұртас Айдарбековтің немерелеріне деген махаббатына тәнті болғанын жасырмады:

  • «Сіз нағыз үлгілі атасыз»,
  • «Нұртас ағаның өте мейірімді екені көрініп тұр, немерелерінің қызығын көре берсін»,
  • «Немере сүйдіңіз, енді шөберенің шаттығын көруге жазсын», – деген мазмұндағы тілектер жиі кездеседі.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары