10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қар және көктайғақ: 5 қаңтарға ауа райы болжамы

Сарапшы, спорт журналисі
05.01.2026, 07:00

Синоптиктер болжамынша ертең, 5 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірінде қау жауып, көктайғақ болады деп күтілуде.

Сурет: ашық дереккөздерден

Атырау облысы:

Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз солтүстік пен шығыста екпіні 15–20 м/с. Атырау қаласында кей уақыттарда тұман болады.

Түркістан облысы:

Солтүстік, батыс, оңтүстік және таулы аймақтарда тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, тау асуларында 15–20 м/с-қа жетеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында кей уақыттарда тұман түседі.

Жетісу облысы:

Шығыс, солтүстік, орталық және таулы аудандарда тұман мен көктайғақ байқалады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, шығыста екпіні 15–20 м/с. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Павлодар облысы:

Облыста қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Күндіз шығысында аздаған қар күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, батысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с. Павлодарда түнде қар мен жаяу бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысы:

Солтүстік, шығыс және оңтүстігінде қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кей жерлерде 15–20 м/с. Өскеменде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Абай облысы:

Солтүстік, шығыс және оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей аудандарда тұман. Жел оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соғып, Жарма ауданында екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Семейде түнде және таңертең қар мен бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе облысы:

Солтүстігі мен солтүстік-батысында қар, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады. Күндіз кей аудандарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Жел оңтүстіктен соғып, екпіні 15–18 м/с. Ақтөбеде түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

Солтүстік Қазақстан облысы:

Батысында, солтүстігінде және шығысында қар мен бұрқасын күтіледі. Батысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с. Петропавлда қар мен бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысы:

Түнде және күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Кей аудандарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с. Қостанайда таңертең және күндіз қар мен бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы:

Жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с. Оралда осындай ауа райы сақталады.

Ақмола облысы:

Батысы мен солтүстігінде қар мен бұрқасын, басқа аймақтарында аздаған қар күтіледі. Тұман байқалады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда жел күшейеді.

Қызылорда облысы:

Шығысы мен орталығында тұман және көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында кей уақыттарда тұман мен көктайғақ болады.

Астана:

Кей уақыттарда аздаған қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с.

Маңғыстау облысы:

Батысы, солтүстігі және орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с.

Жамбыл облысы:

Түнде таулы аудандарда қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, таулы аймақтарда 15–20 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Реклама
Реклама