Реклама
Реклама

Төреғали Төреәлінің қарындасы үшінші рет ана атанды

Сарапшы, спорт журналисі
08.01.2026, 18:40

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы Дина Төреәлі үшінші рет ана атанды. Ол қуанышты жаңалықты әлеуметтік желіде жариялап, перзентханадан сәбиімен түскен алғашқы суреттерін көрсетті. 

instagram/@tatti_kyz

"Қош келдің, қызым" — Динаның алғашқы жазбасы

Дина Instagram парақшасында жаңа туған қызын құшағына алып тұрған фотосын жариялап, қысқа жазба қалдырған:

"Қош келдің, қызым", — деп жазды ол.

Карусельдегі кадрлардан нәрестенің қызғылт көрпеге ораулы жатқанын, жанында нәзік гүл шоқтары қойылғанын байқауға болады. Ал соңғы суретте сәбиінің қасында әкесі отырып, қызына сүйсіне қарап тұрған сәті көрінеді.

Желі қолданушылары құттықтау жаудырды

Жазба астында оқырмандар Дина мен жұбайын құттықтап, жылы лебіздерін қалдырған. Пікірлердің бір бөлігінде:

"Бөбектің өмірі бақытқа толы болсын" 
"Сәбиге ұзақ ғұмыр тілеймін" 
"Неткен керемет ғажап!" 
"Дина жарайсың!" 
"Менің туған күнімде дүниеге келіпті!" — деген сияқты тілектер жазылған.
Реклама
Реклама