Реклама
Реклама

62 жасқа толған Мақпал Жүнісова сирек архив кадрларын жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
13.01.2026, 17:25

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында өткен жылдардан қалған сирек видеожазбаларын жариялап, тыңдарманын ностальгияға бөледі. 

instagram/@zhunusova.makpal

Туған күнге арналған естелік

Әнші 11 қаңтар күні туған күнін атап өтті. Осыған байланысты ол әлеуметтік желідегі блогында жастық шағынан сақталған архив кадрларын жариялаған.

Бейнежазбада Мақпал Жүнісова өте жас кезінде сахнада домбыра тартып, ән шырқап тұрған сәттері көрінеді. Видеода фон ретінде әншінің орындауындағы "Қазақтың ерке қызымен" әні қойылған.

Жанкүйерлердің пікірі

Желі қолданушылары әншінің өнер жолындағы естеліктеріне жылы пікір жазып, оның жыл өткен сайын ажары арта түскенін атап өтті.

"Сіз мүлде өзгермепсіз" 
"Мақпал, бұл ән сізге ерекше жарасады!" 
"Керемет!" 
"Неткен сұлу!" 
"Жастық шақ қандай ғажап еді…" 

деген мазмұндағы лебіздер жиі кездескен.

Реклама
Реклама