Реклама
Реклама

Салауатты өмір. 20 ауыл арақтан бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі
06.02.2026, 20:34

Полицейлердің айтуынша, осындай бастаманың арқасында елдімекендерде қылмыс саны күрт азайған. 

kz.kursiv.media

Павлодар облысының 20 елдімекенінде тұрғындар өз еркімен дүкендерде алкоголь өнімдерін сатуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Мұндағы мақсат - ауыл өмірін тыныш әрі қауіпсіз ету.

Қай ауылдарда алкоголь сатылмайды?

Нақты қай ауылдарда алкогольді сусындар сатылмайтынын облыстық полиция департаменті ұсынды. 

  • Екібастұз өңірінде — 15 ауыл;
  • Ақсу мен Баянауыл ауданында — 2 ауылдан;
  • Тереңкөл ауданында — 1 ауыл

Шешім қалай қабылданды?

Алкогольден бас тарту туралы шешім ауыл ақсақалдарының, беделді қоғам өкілдерінің, ауылдық округ әкімдерінің, сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен өткен кеңестерде қабылданған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай бастама өңірдегі қылмыс санының азаюына және отбасылық жанжал көрсеткішінің төмендеуіне оң әсер еткен. Мәселен, соңғы жылдары аталған елдімекендерде бірде-бір қылмыс тіркелмеген.  

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында да 70-ке жуық ауыл алкоголь өнімдерін сатудан өз еркімен бас тартқаны хабарланған еді.

Реклама
Реклама