Реклама
Реклама

Жауын-шашын мен көктайғақ: 16 ақпанға ауа райы болжамы

Сарапшы, спорт журналисі
16.02.2026, 07:45

Бірқатар өңірде тұман болады деген болжам да бар. 

astanatv.kz

16 ақпанда Қазақстан аумағының көп бөлігінде жауын-шашын болады. Кей өңірлерде көктайғақ, тұман және екпінді жел күтіледі. Бұл туралы синоптиктер мәлімдеді.

Абай облысы

Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде қар жауады. Күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысы

Жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Түнде ауа температурасы 10–15 градус аязға дейін төмендейді.

Алматы облысы

Түнде батыс, оңтүстік және таулы аймақтарда жаңбыр аралас қар жауады. Күндіз жаңбыр жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысы

Жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман күтіледі.

Түркістан облысы

Жаңбыр жауады. Таулы өңірлерде жаңбыр аралас қар болуы мүмкін. Температура түнде 3–8 градус, күндіз 12–17 градус жылы болады.

Маңғыстау облысы

Жаңбыр, кей жерлерде қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Басқа өңірлер

Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында:

  • қар және жаңбыр аралас қар жауады;
  • көктайғақ болады;
  • кей жерлерде тұман түседі.

Температура түнде 0–20 градус аяз аралығында, күндіз 5 градус аяздан 15 градус жылылыққа дейін өзгереді.

Реклама
Реклама