Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады.
Синоптиктер 2026 жылғы 23 ақпанға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, дүйсенбі күні ел аумағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
“Соның салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Елдің солтүстігі мен шығысында қалың қар күтіледі”, – делінген ауа райы болжамында.
Тек батыс өңірлерде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.