Қазақстандық әнші Айбек Жансейітов (сахнадағы аты – Беркут) әлеуметтік желіде отбасылық жылы видеосын жариялады.
Instagram-ға жүктелген кадрларда үлкен әрі тату отбасының үйде жомарт жайылған дастархан басына жиналғаны көрінеді. Видеода Аиша буы бұрқыраған самауырдың жанында отырып, дастарханға қарап-қағым жасап жүрген сәттері де байқалады.
Сондай-ақ төрде Беркуттың ата-енесі, дастархан басында балалары отырғанын көруге болады. Әнші барша жұртты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ақжарма тілегін жолдады.
"Аман болыңыздар!" – деп жазды Беркут жазбасында.
Желі қолданушылары әсерлі видеоны жылы қабылдап, жұпқа бақыт тіледі. Пікірлерде әсіресе Аишаның отбасыдағы орны мен тәрбиесіне қатысты жақсы сөздер көп жазылған.
Оқырман пікірлерінен: