Танымал тұлға бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Қазақстандық актриса және продюсер Баян Алагөзова Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алған қымбат сыйлығын әлеуметтік желіде көрсетті. Ол Instagram парақшасының сторис бөлімінде сәнді сағат таққан қолының суретін жариялады.
Продюсер жариялаған суретке қысқа жазба қалдырған.
“Сегізіне дейін шыдай алмады” және “Рақмет саған, махаббатым”, – деп жазды Баян Алагөзова.
Желі қолданушылары бұл сағаттың Richard Mille RM 037 үлгісі болуы мүмкін екенін болжады.
Richard Mille RM 037 – швейцариялық ультра-люкс санатына жататын әйелдер сағаты.
Бұл модельдің ерекшеліктері:
Халықаралық Chrono24 платформасының дерегінше, бұл модельдің бағасы 200 000 доллардан 450 000 долларға дейін жетеді. Толық гауһар таспен безендірілген нұсқалары бұдан да қымбат болуы мүмкін.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай сағаттың құны Алматыдағы бірнеше пәтердің бағасымен немесе Bentley Bentayga, Lamborghini Urus секілді люкс көліктердің құнымен шамалас.
Айта кетейік, Баян Алагөзова қазақстандық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шыққан. Ол Galanz Bottlers компаниясының негізін қалаушы.
Компания Қазақстанда бірнеше танымал сусын брендін шығарады. Сонымен қатар кәсіпкер Шымкент сыра зауытына және JFood Kazakhstan компаниясына да иелік етеді.