46 жастағы Мәдина Сәдуақасова жаңа стильдегі образымен таңғалдырды (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі
01.04.2026, 16:39

Танымал әншінің жаңа фотосессиясы жанкүйерлердің жоғары бағасын алды.

instagram/@sadvakasovamadina

Жаңа образдың ерекшелігі қандай?

Әнші Мәдина Сәдуақасова жаңа образда бой көрсетіп, әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Өзінің Instagram парақшасында заманауи стильде түсірілген фотосуреттерін жариялады. Кадрларда ол сәнді киім үлгісінде, қолына гитара ұстап, шығармашылық атмосферада поза береді.

Фотосессия барысында Мәдина Сәдуақасова заманауи аутфитпен көрініп, өзінің нәзік әрі стильді бейнесін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жарияланған видеода фон ретінде әншінің орындауындағы “Сен қашан ораласың?” композициясы қойылған.

Жазба астына әнші қысқа ғана:

“Мен оралам”, — деп жазды.

Жанкүйерлердің реакциясы

Әншінің жаңа образы желі қолданушылары тарапынан қызу қолдау тапты. Көпшілік оның стиліне жоғары баға беріп, пікірлерін жаудырды:

“Өте стильді”,
“Мадикош, ерекше сұлусың”,
“Бұл әнді күніне бірнеше рет тыңдаймын”,
“Керемет!”,
“Сұлулықтың үлгісі”,
“Позитивіңіз 100 пайыз!”

деп жазды жанкүйерлер.

Реклама
Реклама