"Өмірімдегі ең маңызды адам": Қайрат Нұртастың анасы келініне әсерлі жазба арнады
Қазақстандық продюсер, танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде отбасылық жазбасымен көпшіліктің назарын аударды.
Жұлдыз Әбдукәрімова 38 жасқа толды
Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында үлкен келіні, актриса Жұлдыз Әбдукәрімованы туған күнімен құттықтап, арнайы видео жариялады. Белгілі болғандай, өнер иесі 38 жасқа толған.
Продюсер өз жазбасында келіннің отбасыдағы орны ерекше екенін атап өтті.
“Ене үшін өміріндегі ең маңызды адам – келін. Неге дейсіз бе? Себебі келін – оның өмірінің жалғасы, немерелерінің анасы, әулеттің ұрпағын жалғастырушы.
Бүгін тұңғышым Қайрат Нұртастың жары Жұлдыздың туған күні. Екеуінің өмірлеріңізге махаббатпен келіп, жүректеріңізден орын алғанын білемін. Алла саған ұзақ ғұмыр, бақытты әрі мағыналы өмір нәсіп етсін”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Желі қолданушылары жылы пікір білдірді
Желіде бұл жазбаға қатысты қолданушылар да өз тілектерін жаудырды. Олар:
- “Өзіңіздің қызыңыздай еркелеп жүр”
- “Керемет ене мен үлгілі келін”
- “Сүйкімді келініңізді туған күнімен құттықтаймыз” деген пікірлер қалдырған.