Ерке Есмахан ұзақ үзілістен кейін желіге оралып, отбасылық суреттерін жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 21:06

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан ұзақ үзілістен кейін әлеуметтік желіге қайта оралып, отбасымен түскен жылы суреттерін көпшілікке ұсынды.

instagram/@erke_esmahan

Әлеуметтік желіден неге көрінбей кетті?

“Қайда?”, “1001 күн” сынды хит әндерімен көпшілікке кеңінен танылған өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарына соңғы уақытта не себепті белсенді болмағанын түсіндірді.

“Инстаграм қолданушыларының кейбірі менің 27 күнге жоғалып кеткенімді байқаған шығар, ал кейбірі байқамауы да мүмкін. Отбасымызда бәрі жақсы, Аллаға шүкір. Осы аралықта мен үнсіз жүріп маңызды жоспарларымды жүзеге асырып үлгердім. Көктемнің жарқын күндеріне қуанып, жан тыныштығын сезіндім”, – деді Ерке Есмахан.

Ерке Есмахан табиғат аясында түскен үш ұлымен бірге түскен отбасылық фотоларын жариялады. Желі қолданушылары бұл кадрларды ерекше жылы қабылдап, жазбаның астына көптеген пікір қалдырды.

Жарияланған суреттер қысқа уақыт ішінде 80 мыңға жуық лүпіл жинаған.

Желі қолданушылары не жазды?

Әншінің тыңдармандары мен оқырмандары оның оралуын қуанышпен қабылдап, пікірлерде жылы лебіздерін білдірді. Көпшілік отбасылық суреттердегі шынайылық пен жылылыққа ерекше назар аударған.

Пікірлер арасында:

  • “Қайта оралғаныңызға қуаныштымыз!”
  • “Бақыт деген – осындай қарапайым, бірақ өте қымбат сәттер”
  • “Бұл жай сурет емес, мейірім мен жылылыққа толы әлем”
  • “Райым мен Ерке – шынайы махаббаттың символы” деген сөздер жиі кездесті.
Реклама
Реклама