Ақтауда футбол қақпасының құлауы салдарынан қыз бала ауыр жарақат алды. Бұл туралы жергілікті белсенді әрі блогер Азамат Сарсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Penalty.kz.
Белсендінің айтуынша, бір микрорайонның ауласындағы мердігерлер футбол алаңының құрылымын алып тастаған, қақпалар кесіліп, жерде қалған. Балалар алаңда ойнау үшін сол қақпаларды қайта тұрғызған. Ойын барысында қақпа құлап, қыз баланы жарақаттады. Дәрігерлердің арқасында қыз бала аман қалғанымен, қақпалар сол жерде әлі де жатыр.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы қыздың жағдайы туралы хабарлады. Оның психологиялық жарақатынан басқа, жабық бас сүйек-ми жарақаты, маңдай сүйегінің сызықты сынуы, мидың орташа дәрежедегі жарақаты, маңдай аймағындағы жыртылған жарақат диагноздары қойылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, орташа ауыр деп бағалануда, тиісті ем жүргізілуде.