Спортшы мен оның бұрынғы жұбайы әлеуметтік желідегі ортақ фотоларын өшіріп тастады
Ресейлік теннисші Александр Шевченко биылғы жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан атынан жарыстарға қатыса бастады. Алайда бұл өзгеріс оның жеке өміріне әсер еткен сияқты: ол әйелі Анастасия Потаповамен ресми түрде ажырасты, деп хабарлайды Penalty.kz тілшісі.
Ерлі-зайыптылар әлеуметтік желідегі бірге түскен суреттерін өшіріп, қарым-қатынастарының аяқталғанын білдірді. Анастасия Потапова бұл туралы өз парақшасында жазба қалдырды.
"Барлығыңызға сәлем. Өкінішке қарай, бүгін жағымды жаңалықпен бөлісе алмаймын. Александр екеуміз бөлек жолға түсу туралы шешім қабылдадық. Бұл өмір, адамдар кездеседі, ажырасады. Ажырасу себебін өзімізде қалдырғанды жөн көрдік. Осы тақырыпта сұрақ қоймай, шешімімізді құрметтеулеріңізді сұраймын. Баршаңызға махаббат тілеймін!" – деп жазды Потапова.
Александр Шевченко 2000 жылдың 29 қарашасында Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында дүниеге келген. Оның бұрынғы жұбайы Анастасия Потапова да кәсіби теннисші. Қазіргі уақытта Александр әлемдік рейтингте 64-орында, ал Анастасия 32-орында тұр.
Теннис әлеміндегі соңғы жаңалықтарды Penalty.kz сайтынан біліңіз және спортшылардың жетістіктерінен хабардар болыңыз.