iOS 18 жүйесі полицияның iPhone-дарға қол жеткізуін қиындатып жатыр

Редактор Penalty.kz
11.11.2024, 17:32

Желіге қосылмаған iPhone смартфондары өздігінен қайта қосылуда, бұл полицияның деректерге қол жеткізуін қиындатады, деп хабарлайды 404 Media.

Фото appleinsider.ru

iPhone. iOS 18

Америкалық құқық қорғау органдарының мәліметінше, iPhone шамамен бір күндей әрекетсіз болғаннан кейін қайта жүктеледі және жақын маңдағы басқа құрылғыларға да қайта жүктелу сигналын жіберуі мүмкін.

iPhone деректерін шифрлайтын екі жағдай бар: «Алғашқы ашылуға дейін» және «Алғашқы ашылғаннан кейін». Қайта жүктелу кезінде iPhone «Алғашқы ашылуға дейін» күйіне өтеді, онда биометрия өшіріліп, толық шифрланғандықтан, смартфонды ашу үшін пароль қажет. Ал пароль енгізілгеннен кейін, смартфон екінші күйге ауысады, бұл кезде биометрия арқылы жеңіл ашылады. Осылайша, құрылғылардың қайта қосылуы допрос кезіндегі немесе тергеу барысында деректерге қолжетімділікті күрделендіреді.

Бұл мәселе iOS 18.0 жүйесіндегі қателіктің салдары болуы мүмкін. Бұған дейін пайдаланушылар кездейсоқ қайта жүктелулерге шағымданған еді, бірақ iOS 18.1 нұсқасында бұл қате түзетілді. Сондықтан бұл жағдай Apple-дің деректерді құқық қорғау органдарынан қорғауға бағытталған қадамы емес, бағдарламалық ақаудың нәтижесі болуы ықтимал.

Теги: