Нұрбек Оралбай 50 мың доллар сыйақыға ие болды
12.12.2024, 23:20
Оралбай Біріккен Араб әмірліктерінде өткен IBA конгресінде өзбек боксшыларымен қатар сыйлық алды.
iba.sport
IBA ұйымы Халықаралық олимпиада комитеті тарапынан мойындалмаған. Сол себепті Олимпиада ұйымдастыруға құқы жоқ.
Аталған ұйымды ресейлік және халықаралық спорт функционері Умар Кремлёв басқарады. Олимпиада жүлдегерлерін марапаттаған да сол. Өзбекстан боксшылары $100 мыңнан иемденсе, Оралбай финалист ретінде $50 мыңды олжалады.
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Парижде өткен Олимпиадада ерлер құрама командасының қоржынына жалғыз медаль салды. Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта “күміске” қол созды. Финалда төрешілер шешімімен украиналық Александр Хижнякқа ұтылды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама