"Назым Қызайбаймен реніш болғаны рас": Алуа Балқыбекова боксшы құрбысымен сөзге келгенін айтты
04.02.2025, 18:19
Бокстан Азия чемпионы, әлем біріншілігінің жүлдегері Алуа Балқыбекова командалас құрбысы Назым Қызайбаймен Олимпиада алдында түсініспеушілік болғанын айтты.
@balkibekovaas
Спортшы бұл туралы журналист Ақырыс Сейтқазыға берген сұхбатында мәлімдеді.
"Назымның тарапынан реніш болғаны рас. Мен де ренжідім. Енді екеумізге де мүмкіндік берілді. Екеуі де көрсін деді", — дейді Балқыбекова.
Айта кетелік, Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбай бір салмақта және бір бапкердің қол астында жұдырықтасады.
Париж Олимпиадасының қарсаңында Алуа Балқыбекова лицензиялық турнирге қатысқан соң, екі спортшы арасында аздаған реніш болған.
Кейін екі спортшы елде спарринг өткізіп, соңғы лицензияны Назым Қызайбай жеңіп алды. Париж Олимпиадасында Назым қола медаль иеленді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама